Accessibility links

Франциск ғаламдық климат өзгеруімен күресуге шақырды


Рим папасы Франциск Ақ үйдің жанындағы жиында сөйлеп тұр. 23 қыркүйек 2015 жыл.

Рим папасы Франциск Ақ үйдің жанындағы жиында сөйлеп тұр. 23 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ-қа сапарының алғашқы күні Рим папасы Франциск ғаламдық климаттың өзгеруімен күрес шараларын жалғастыруға шақырды. Вашингтонда Ақ үйдің алдына жиналған 11 мың адамның алдында сөйлеген сөзінде 78 жастағы понтифик аталған проблеманы «келешек ұрпаққа артып қоюға болмайтынын» мәлімдеген. Ол АҚШ президенті Барак Обаманың қоршаған ортаны қорғау саласындағы және атмосфераға бөлінетін зиянды заттар көлемін қысқартуға бағытталған саясатына қолдау білдіріп, оның «үміт ұялататынын» айтқан.

АҚШ президенті өз сөзінде Рим папасы «планетамызды сақтау – баршамыздың қасиетті борышымыз екенін еске салды» деген.

АҚШ-қа алғаш рет сапармен келген Франциск осы елде тұңғыш рет әулиелер санатына қосу рәсімін өткізбек. Сонымен бірге бейсенбіде Рим папасы АҚШ тарихында алғаш рет конгресте сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Бұдан соң Франциск Нью-Йоркте өтетін БҰҰ-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты рәсімге қатысады

XS
SM
MD
LG