Accessibility links

Ресейде соңғы патша отбасының қазасын тексеріп жатыр


Ресейдің соңғы патшасы екінші Николай отбасымен бірге.

Ресейдің соңғы патшасы екінші Николай отбасымен бірге.

1918 жылы ату жазасына кесілген Романовтар отбасын өлтіру оқиғасына қатысты жаңа тергеу бастаған Ресей тергеушілері екінші Николай патша мен оның әйелі Александраның сүйегіне эксгумация жүргізген.

Сарапшылардың бірі Владимир Соловьевтің айтуынша, 1881 жылы қастандық құрбаны болған Ресейдің соңғы патшасының атасы екінші Александрдың сүйегінен де сынамалар алынған. Тергеу комитетінің мәлімдеуінше, жаңадан өткізілген шаралар марқұмдардың сүйектерін анықтау үшін қажет болған.

Ресейде 1917 жылы тақтан тайдырылған екінші Николай патшаны әйелі және төрт қыз, бір ұлымен бірге 1918 жылы Екатеринбург қаласында атып өлтірген. 1991 жылы Екатеринбург қаласы түбінен табылған патша мен әйелінің және үш қызының сүйектері кейін Санкт-Петербургтегі Әуелие Павел соборына жерленген. Ал 2007 жылы табылып, патшаның тағы бір қызы Мария мен ұлы Алексейдікі деп танылған сүйектер қазір мемлекеттік архивте сақтаулы тұр.

Ресей билігі патша отбасы мүшелерінің барлығын бірге жерлегісі келеді. Бірақ Романовтар отбасын 2000 жылы әулиелер санатына қосқан Ресей православ шіркеуі табылған сүйектер шын мәнінде патша отбасы мүшелерінікі екеніне шүбә келтіреді.

XS
SM
MD
LG