Accessibility links

Еуроодақ мигранттар жайлы шұғыл саммит өткізді


Белградтағы босқындар. Қыркүйек, 2015 жыл.

Белградтағы босқындар. Қыркүйек, 2015 жыл.

Еуропа Одағының Брюссельде өткізген миграция дағдарысы жөніндегі шұғыл саммитінде кейбір елдер Сириядан келген босқындарға жәрдем ретінде миллиард еуро бөлуге ынта білдірген.

Әйткенмен жиынға қатысушылар арасында екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы бері Еуропаға ағылған ең көлемді мигранттар толқыны тудырған дағдарысты реттеу жолдарына байланысты бір-біріне кереғар ұстанымдар әлі байқалып отыр.

Шығыс және Орталық Еуропадағы кейбір елдердің басшылары босқындар қабылдау жөнінде міндетті квота белгілеуге қарсылық танытады.

Еуропа кеңесінің басшысы Дональд Туск дағдарысты еңсеру жөніндегі нақты жоспарды дереу әзірлеу қажеттігін мәлімдеп, бірқатар елдердегі босқындарға байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ретке келтіріп, шекарадағы тәртіпті қамтамасыз етуге шақырған. Бұлай болмаған жағдайда Шенген аймағын жабу қаупі ұлғаяды деп мәлімдеген ол.

XS
SM
MD
LG