Accessibility links

ҰҚК "Таблиғи Жамағатқа" "қатысы бар" төртеуді ұстаған


ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысы. (Көрнекі сурет)

ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысы. (Көрнекі сурет)

Астана қаласының төрт тұрғыны Қазақстанда қызметіне тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» діни ұйымына қатысы бар деген күдікпен ұсталған деп хабарлады Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталғандарға бұған дейін бірнеше рет «тыйым салынған ұйымның іс-әрекетіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке алып келетіндігі туралы ресми ескертпе» жасалған.

Ұсталғандардың Астана қаласы ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылы ақпанның 26-ы күні шығарған шешіміне сәйкес, «Таблиғи Жамағат» ұйымы экстремистік деп танылып, Қазақстан аумағында оның қызмет-әрекетіне тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG