Accessibility links

Reuters: Ресей Украинамен шекарада тағы бір база салмақ


Богучар қаласы маңындағы әскери техникалар қоймасы.Воронеж облысы, Ресей. (Көрнекі сурет)

Богучар қаласы маңындағы әскери техникалар қоймасы.Воронеж облысы, Ресей. (Көрнекі сурет)

Ресей Украинаның Луганск облысымен шекстесетін жерден екінші әскери база салуды жоспарлап отыр деп хабарлады Reuters агенттігі. Жаңа әскери база Ресейдің Воронеж облысындағы Богучар қаласының шетінде, бұған дейін Белгород облысында салынып жатқаны мәлім болған тағы бір әскери базадан шығысқа қарай орналаспақшы.

5200 әскериге арналған оннан астам қазарма, артиллерия қоймалары, лазарет, жүзу бассейні және үлкен жаттығу кешені бар жаңа базасы Украинамен шекарадан 45 шақырым жерде тұрмақ. База аумағына 1300-ден астам әскери техника сиятын болады деп хабарланды.

Жоспар бойынша, әскери база құрылысының алғашқы кезеңін келесі жылдың сәуіріне дейін аяқтау көзделген деп хабарлайды Reuters.

Украиналық ақпарат құралдары бұның алдында Ресей Украинамен шекарасы маңындағы Сотоли кентінде аса үлкен әскери базаның құрылысын бастағаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG