Accessibility links

Меккеге қажыға барған 310 адам қаза болған


Мекке маңындағы Мина алабына қажылық шарттарының бірі – "шайтанға тас лақтыру" рәсіміне бара жатқандар. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Мекке маңындағы Мина алабына қажылық шарттарының бірі – "шайтанға тас лақтыру" рәсіміне бара жатқандар. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Сауд Арабиясының азаматтық қорғаныс мекемесі қажыға барғандар арасында болған кептеліс салдарынан кемінде 310 адамның қаза тапқаны, 450-ден астамы жараланғаны туралы хабарлады.

Қайғылы оқиға бүгін, Құрбан айттың алғашқы күні, Меккенің маңындағы Мина алабында болған. Ол жерде қажылық шарттарының бірі – «шайтанға тас лақтыру» рәсімі өтеді. Жүздеген мың қажы жиналған жерде пайда болған аласапыранда көп адам қыспақта қалып қойған. Оның соңы адам қазасына ұласқан.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғы туралы әзірше ақпарат жоқ. Биыл елден қажылық сапарға төрт мыңға жуық адам аттанғаны хабарланған.

Осының алдында, қыркүйектің 11-і күні Меккедегі Әл-Харам мешітінде құрылыс краны құлап, жүзден аса адам опат болып, 200-ден астам адам зардап шеккен еді.

XS
SM
MD
LG