Accessibility links

Ресей: Карелияның бұрынғы басшысы ұсталған


Карелияның бұрынғы басшысы Андрей Нелидов.
Карелияның бұрынғы басшысы Андрей Нелидов.

Ресейде Карелия аймағының бұрынғы басшысы, «Кижи» музей-қорығының директоры Андрей Нелидов ұсталған.

Аймақтық заң шығару органы депутаты, «Кижи» музейінің қоғамдық кеңесінің мүшесі Андрей Рогалевичтің ТАСС агенттігіне хабарлауынша, Нелидов бейсенбі күні Петрозаводск қаласындағы өз пәтерінде «пара алған» деген күдікпен ұсталған.

Карелияның құқық органдары Нелидовтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған. Нелидовқа қарсы коррупция туралы тергеу ісі қозғалған деп хабарлайды ТАСС.

Жергілікті ақпарат құралдары бүгін Нелидовтың пәтерінде тінту жүргізілгені, оған қоса тергеушілер «Кижи» директоры тұрған үйді де тінтпекші деп хабарлады.

Андрей Нелидов 2010 жылдан 2012 жылға дейін Карелия басшысы болып істеген. 2013 жылы ол «Кижи» музей-қорығының директоры қызметіне тағайындалған.

XS
SM
MD
LG