Accessibility links

Армения: Әзербайжанмен шекарада 3 адам оққа ұшты


Армения мен Әзербайжан картасы. (Көрнекі сурет)
Армения мен Әзербайжан картасы. (Көрнекі сурет)

Армения полициясы бүгін Әзербайжанмен шекарадағы Тавуш ауданында әзербайжан әскерилерінің "қару қолдануынан" үш бейбіт тұрғын қаза тауып, екі адам жараланғанын хабарлады.

Әзербайжан жағы әзірге бұл айыптауға түсінік берген жоқ. Бірақ бұдан бұрын қорғаныс министрлігі Армения жағы шекаралас бірнеше әзербайжан ауылын атқылап, Әзербайжан әскерилері оған қарсы оқ атқанын мәлімдеген.

Баку мен Ереванның қарым-қатынасы Әзербайжаннан бөлінген армяндар басым тұратын Таулы Қарабах аймағына қатысты жанжалдан соң нашарлаған.

Армения қолдайтын сепаратистер Таулы Қарабахты 1990 жылдардың басында болған соғыста басып алған. Ол соғыстан 30 мыңға тарта адам мерт болған.​

XS
SM
MD
LG