Accessibility links

Биржада доллар бағамы сәл қымбаттады


Алматыдағы ақша айырбастау пунктіндегі валюта бағамы. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы ақша айырбастау пунктіндегі валюта бағамы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының бағамы 269 теңге 81 тиынды құрады. Бұл 23 қыркүйек күнгі бағамнан 5 теңге 69 тиынға қымбат. Биржа мәліметтері бойынша, бүгін 35 миллион доллар сатылған.

Ақша айырбастау орындарында доллар 271 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG