Accessibility links

Қажылыққа барған бір қазақстандық қаза тапты


Дәрігерлер Мина жазығындағы кептелісте жараланғандардың бірін әкетіп барады. Сауд Арабиясы, 24 қыркүйек 2015 жыл.
Дәрігерлер Мина жазығындағы кептелісте жараланғандардың бірін әкетіп барады. Сауд Арабиясы, 24 қыркүйек 2015 жыл.

Меккеге қажылыққа барған қазақстандық егде азамат жүрек талмасынан қайтыс болды деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

М.Мансұрова есімді 78 жастағы кісі жергілікті ауруханалардың бірінде қайтыс болған. Марқұм қажылыққа бір өзі барған.

Қыркүйектің 24-і күні Мекке қаласы маңындағы Мина жазығында кептеліс болып, салдарынан 717 адам қаза тапқан. Оқиға салдарынан жүздеген адам жараланған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов бұған дейін қайғылы оқиғадан құрбан болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоғын хабарлаған. Мансұрова кептелісте тапталып өлгендер қатарында жоқ.

XS
SM
MD
LG