Accessibility links

Киев, Мәскеу мен ЕО газ келіссөзін қайта бастайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Киев, Мәскеу мен Еуропа Одағы бүгін Ресей газын Украинаға жеткізуді қалпына келтіру туралы келіссөзді қайта бастайды. Ресей энергетика министрі Александр Новак бұған дейін тараптар хаттама жобасына келісетінін мәлімдеген.

Мәскеу мен Киев Украинаның газ бағасына келіспеушілігі өткен жылдың басында халықтық толқулар нәтижесінде президент Виктор Янукович қызметтен кетіп, батысшыл күштер билікке келген соң басталған. Биыл шілдеде Ресейдің "Газпром" компаниясы Киев пен Мәскеу арасында келіссөз үзілген Украинаға газ тасымалдауды тоқтатқан. Соңғы апталарда, қыс мезгілі жақындай бастағанда газ мәселесін реттеуге қатысты ұмтылыстар көбейді.

Еуропа тұтынатын газдың 15 пайызы Украина арқылы тасымалданады. "Газпром" газ тасымалын тоқтатқандықтан Украинада жиналған газ қоры да азая бастаған.

Ресей мен Еуропа Одағы басшылығы 11 қыркүйекте Ресей Украинаға 500 миллион АҚШ долларына тең Еуропа Одағы тұтынатын газ тасымалдайтын болып алдын-ала келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG