Accessibility links

Vimeo.com сайты терроризмге қатысты бұғауланды


vimeo.com сайтының сайтынан скрин-шот. (Көрнекі сурет)
vimeo.com сайтының сайтынан скрин-шот. (Көрнекі сурет)

Қазақстанда "діни экстремизм мен терроризмді насихаттайды" деген айыппен vimeo.com сайты бұғауланды.

Астана қалалық сотының хабарлауынша, сайтты бұғаулау туралы шешімді Есіл аудандық соты 7 қыркүйекте инвестиция және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің арызы бойынша шығарған. Комитет vimeo.com сайтындағы видеоларда "қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын" ақпарат бар деп, соттан оны бұғаулауды және және Қазақстан аумағында таралуына тыйым салуды сұраған.

Сот сайтта жарияланған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырларының кісі өлтіру жайлы видеоларын Қазақстан заңдарына қайшы" деп тауып, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салған.

XS
SM
MD
LG