Accessibility links

Жапония спорт министрі қызметінен кетпек


Премьер-министр Синдзо Абе (ортада) Жапония парламентінде. 16 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Премьер-министр Синдзо Абе (ортада) Жапония парламентінде. 16 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Жапонияның спорт, білім, мәдениет, ғылым мен технология министрі Хакубун Симомура отставкаға кететінін мәлімдеді. Ол Токиода 2020 жылы өтетін олимпиада ойындарына арнап салынатын стадион құрылысының кешігуіне өзін айыпты санайды.

Архитектор Заха Хадидтің жобасы бойынша салынатын стадионның құны екі есе қымбатқа түсіп, оған 2 миллиард доллар жұмсалатыны жайлы тараған хабарға Жапонияда жұрттың көбі наразы болған. Стадионның соңғы жобасы биыл қарашада мақұлдануы тиіс.

Токиода 2020 жылы өтетін олимпиаданы ұйымдастыру комитеті бұған дейін де дауға іліккен еді. Олар жарыстың логотипін басқа біреуден көшіріп алды деген айыпқа қалған.

Елде бес жылдан кейін өтетін халықаралық жарысқа қатысты шу шыққан кезде министр қызметінен кететінін мәлімдеген Хакубун Симомура бұл міндетті 2012 жылдың желтоқсанынан бері атқарып келген. Премьер-министр Синдзо Абенің жақын серігі саналатын Симомура үкімет жасақталатын қазан айына дейін қызметінде қала тұру жайлы өтініш түскенін хабарлады.

Бейсенбі күні премьерлікке қайта сайланған Синдзо Абе келер айда жаңа кабинет құрамын жасақтамақ.

XS
SM
MD
LG