Accessibility links

Пикассоның ұрланған картинасы орнына қайта ілінді


Франция мәдениет министрі Флер Пеллерин Париждегі Помпиду орталығына қайтарылған Пабло Пикассоның «Шаштараз» атты картинасы жанында тұр. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Франция мәдениет министрі Флер Пеллерин Париждегі Помпиду орталығына қайтарылған Пабло Пикассоның «Шаштараз» атты картинасы жанында тұр. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Испаниялық әйгілі суретші Пабло Пикассоның «Шаштараз» деп аталатын картинасы Париждегі Помпиду орталығына ұзақ жылдан соң қайтадан қойылды. Қылқалам шеберінің туындысын осы жерден 14 жыл бұрын ұрлап әкеткен еді.

Пикассоның бұл картинасы биыл көктемде АҚШ-та кеденшілер қолына түскен. Олар пошта арқылы жөнелтілген, сыртында «арзан сыйлық» деген жазуы бар қорапты ашқанда, оның ішінен кезінде Парижде жоғалған «Шаштараз» туындысы шыққан.

Пикассоның жоғалып табылған картинасын Париждегі Помпиду орталығына әкеліп тапсырған француз мәдениет министрі Флер Пеллерин: «Ұрланған өнер туындысы – тек жоғалған мүлік қана емес, халықтың жанының, елдің тарихының бір бөлшегі» деген.

14 жылдан бері көрінген жерде жатып, кейбір тұстағы бояуы солғындана бастаған суретті мамандар үш айдың ішінде қалпына келтіріп, жұртқа қайта ұсынбақ.

XS
SM
MD
LG