Accessibility links

Рим папасы Франциск алғаш рет БҰҰ-да сөйледі


Рим папасы Франциск БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2015 жыл.

Рим папасы Франциск БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ-та сапармен жүрген Рим папасы Франциск жұма күні БҰҰ Бас ассамблея мінберінен тұңғыш рет сөйлеген сөзінде билік пен байлыққа тоқтаусыз ұмтылудың қаупі, қайыршылықтан арылу қажеттігі, әр адамның ең аз игілікке деген құқығы жайлы айтты.

«Эгоизм, байлық пен билікке құмарлық Жердегі қол жетерлік ресурстарды тиімсіз пайдалануға ұрындырып, әлсіздер мен мүмкіндігі жоқ жандарды шетке ығыстырады» деп мәлімдеген ол.

Ватикан басшысы әлем лидерлерін өз елдерінде әр адамды өмір сүруге қажетті ең аз игіліктермен қамтамасыз етуге шақырды.

«Іс жүзінде ондай ең аз қажеттілік үш нәрседен: баспана, жұмыс және жерден тұрады» деген понтификтің сөзіне жиынға қатысушылар қол соғып, құрмет білдірген.

Жұма күні Рим папасы АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте террорлық шабуылдар салдарынан құлаған дүниежүзілік сауда орталығының қос ғимараты тұрған жерде ашылған мемориалдық орталықта теракт құрбандарының туыстармен кездескен. Франциск марқұмдарға дұға бағыштаған.

Бейсенбі күні Рим папасы АҚШ конгресінің қос палатасының бірлескен отырысында сөйлеген.

XS
SM
MD
LG