Accessibility links

CPJ БҰҰ-ға сөз бостандығы жайлы баяндама жолдады


Халықаралық журналистерді қорғау комитетінің белгісі. (Көрнекі сурет)

Халықаралық журналистерді қорғау комитетінің белгісі. (Көрнекі сурет)

Халықаралық журналистерді қорғау комитеті (The Committee to Protect Journalists – CPJ) БҰҰ Бас Ассамблеясына сөз бостандығы туралы баяндама жолдады. Нью-Йоркте орналасқан комитеттің бұл құжатында әлемде сөз бостандығын өрескел бұзып отырған елдер арасында – Египет, Ресей, Иран, Қытай, Нигерия, Мексика және Эквадор аталған.

Осылардың ішінде соңғы алты жыл қатарынан журналистерді түрмеге тығу көрсеткіші бойынша Иран көш бастап келді дейді CPJ. Ал қазір түрмедегі журналистер саны жағынан Қытай бірінші болып тұр – елде 44 журналист қамауда отыр.

Халықаралық құқыққорғаушылар мамыр айында Ресей президенті Владимир Путиннің бейбіт заманда қаза тапқан қарулы күштер сарбаздары туралы деректерді құпияға жатқызатын жарлық шығарғанын атап көрсеткен. Осылайша, енді мұндай ақпарат мемлекеттік құпия болып саналады. Сонымен бірге, CPJ баяндамасында ресейлік билік Қырымда бірнеше украиналық телеарналарды жауып, олардың хабар таратып келген жиіліктерін ресейлік телевизияға бергені айтылған.

XS
SM
MD
LG