Accessibility links

АҚШ пен Қытай басшылары киберқауіпсіздік жайын талқылады


АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Қытай жетекшісі Си Цзиньпин. Ақ үй, Вашингтон, 25 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (оң жақта) мен Қытай жетекшісі Си Цзиньпин. Ақ үй, Вашингтон, 25 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Қытай жетекшісі Си Цзиньпин өз елдері киберқұралдардың көмегімен зияткерлік меншікті, соның ішінде сауда құпиялары мен басқа да іскерлік маңыздағы жасырын ақпаратты ұрлаумен айналыспайтыны немесе ондайға саналы түрде жәрдемдеспейтіні туралы уағдаласқан.

Жұма күні Вашингтонда өткен екіжақты кездесуден соң берген баспасөз мәслихатында Обама аталған мәселеге қатысты Пекинмен тиісті келісім жасау жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтқан.

Бұған дейін батыс компаниялары мен үкіметтерінің сайттарына бұзып кірген бірнеше оқиғаға қатысты Қытайдың атына күдік айтылған еді. Вашингтонда сөйлеген сөзінде Си Цзиньпин Қытай үкіметі "коммерциялық құпияларды ұрлауға және басқа да хакерлік шабуылдарға қарсы тұруға бар күшін салуға тырысып отыр" деп мәлімдеген.

Екі мемлекет басшылары талқылаған өзге тақырыптардың ішінде Қытай мен АҚШ-тың Азиядағы серіктестері арасындағы территорияға қатысты даулы мәселе де сөз болған. Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аймақтар бойынша Пекиннің қазіргі "ұстанымына қисын барын" айтқан Си Цзиньпин, сонымен бірге, Қытай үкіметі ол "аймақтардан кемелер мен әуе көліктерінің еркін өтуіне кедергі келтірмейтін болады" деп уәде берген.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG