Accessibility links

Шымкентте өзбек мәдени орталығы мерейтойы өтті


Өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған мерекелік шарада ұлттық киіммен билеп жүрген қыз. Шымкент, 26 қыркүйек 2015 жыл.
Өзбек мәдени орталығы ұйымдастырған мерекелік шарада ұлттық киіммен билеп жүрген қыз. Шымкент, 26 қыркүйек 2015 жыл.

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығында бүгін өзбек диаспорасының мерекелік шарасы өтті. Шымкенттегі Абай саябағында өткен мәдени шараға жүздеген адам жиналды.

Оңтүстік Қазақстан облысы өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов бұл шара осы орталықтың құрылғанына 25 жыл толуына арналғанын айтты.

– Өзбек ұлтының тілі, мәдениеті, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүріне арналған бүгінгі мерекеге аймақтағы барлық аудан, қала, ауылдардағы өзбек ұлтының өкілдері қатысып отыр. Сонымен қатар Өзбекстаннан арнайы келген қонақтар да бар, - деді ол.

Бүгінгі мерекеде өзбектің ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдары және суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге ұлттық салт-дәстүрден көріністер қойылып, өнерпаздар ұлттық музыка аспаптарында ойнап, ән шырқап, өзбек биін биледі.

Ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында өзбек тілінде оқытатын 19 мектеп, өзбек тілінде шығатын бірнеше газет бар. Шымкент қаласында өзбек драма театры жұмыс істейді.

Шымкентте өзбек диаспорасы өткізген мереке жайлы фотогалерея:

XS
SM
MD
LG