Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда ИМ жақтастары көбейген


Ауғанстан картасы. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан картасы. (Көрнекі сурет)

БҰҰ әзірлеген баяндамада Ауғанстанда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобын қолдаушылар қатары артып келе жатқаны айтылған. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, елдегі 34 уәлаяттың 25-інде ИМ тобына іш тартып, оған қосылғысы келетіндер көбейе түскен. Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлаған.

«Ауғанстанда «Ислам мемлекетін» қолдайтыны туралы ашық айтатын жергілікті топтар мен адамдар саны артып барады» делінген құжатта.

Зерттеуде «Ислам мемлекеті» тобындағы ықпалды содырлардың бірі Абдул Рауф Хадемнің кезінде талибандықтардың бұрынғы жетекшісі Молла Мұхаммад Омардың кеңесшісі болғаны, кейін ол Гилменд және Фарах уәлаяттарында өз жасағын құрып алғаны айтылған.

Кейбір мәліметтер бойынша, Хадем Ауғанстанда адамдарды ИМ қатарына кіруге үгіттеп, оларға көп мөлшерде ақша ұсынған.

XS
SM
MD
LG