Accessibility links

Киев: Жемилев жемқорлыққа қарсы ұлттық кеңесті басқарады


Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Жемилев. Киев, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Жемилев. Киев, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко өз жарлығымен президенттің Қырым татарлары ісі жөніндегі өкілі, депутат Мустафа Жемилевті жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі ұлттық кеңестің төрағасы етіп тағайындады.

Бұған қоса президент жарлығымен ұлттық кеңестің құрамы белгіленді. Кеңес мүшелерінің арасында президент әкімшілігі басшысының орынбасары Андрей Таранов, Украинадағы Америка сауда палатасының президенті Андрей Гундер, Transparency International Украина қоғамдық ұйымы басқармасының төрағасы Андрей Марусов, «Киев-Могилян академиясы» ұлттық университетінің президенті Андрей Мелешевич, экономикалық даму және сауда министрі орынбасары Максим Нефедов және өзгелер бар.

Украинаның жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері жөніндегі ұлттық кеңесі 2014 жылы қазанда құрылған.

XS
SM
MD
LG