Accessibility links

Мекке маңында қаза тапқандар саны 769 адамға жетті


Мекке маңындағы Мина алабындағы оқиғада зардап шеккен адамды зембілге салып әкеле жатқан құтқарушылар. 24 қыркүйек 2015 жыл.
Мекке маңындағы Мина алабындағы оқиғада зардап шеккен адамды зембілге салып әкеле жатқан құтқарушылар. 24 қыркүйек 2015 жыл.

Сауд Арабиясында Мина алабында болған кептеліс салдарынан қаза болғандар саны 769 адамға жеткен. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі Халид әл-Фалих хабарлаған.

Мұсылмандардың Құрбан айт мейрамының алғашқы күніне тап келген Минадағы қайғылы оқиға салдарынан жүздеген адам жараланған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендердің қаншасы шетелдің және қай елдің азаматтары екені туралы нақты мәлімет айтылған жоқ.

Бұған дейін Тегеран билігі қыркүйектің 24-і күні Минадағы кептеліс салдарынан Иранның 131 азаматы опат болғаны туралы хабарлаған.

Биыл мұсылмандардың қажылық діни рәсіміне қатысу үшін Сауд Арабиясына әлемнің 164 елінен екі миллионға жуық адам барған.

XS
SM
MD
LG