Accessibility links

Назарбаев БҰҰ жиынына қатысуға Нью-Йоркке барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 26-сы күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына барды деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Назарбаев Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық 70-сессиясына қатысуға барған.

«Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ іс-шара аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің және АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен кездесулер өткізеді» делінген Ақорда ақпаратында.

БҰҰ-ның құрылғанына биыл 70 жыл толып отыр.

XS
SM
MD
LG