Accessibility links

Джон Керри мен Жавад Зариф Сирия жайын талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзде отыр. Вена, 30 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзде отыр. Вена, 30 маусым 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

АҚШ Сирия мен Йемендегі жағдайларға қатысты Иранмен диалог орнатуға тырысып жатыр. Сенбі күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Нью-Йоркке БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысуға барған Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зарифпен кездескен.

Керридің сөзінше, алдағы аптада Таяу Шығыстағы «өте қиын проблемаларды» реттеуде көптеген елдердің маңызды роль атқаруға мүмкіндігі бар. "Сирия мен Йеменде бейбітшілік орнату үшін алға қарай ілгерілеуге қажетті жұмыстар атқарылуы тиіс" деген Керри.

Иран сыртқы істер министрі Зариф өзінің негізгі мақсаты – Керримен бірге Иранның ядролық бағдарламасы жөнінде бұған дейін жасалған «тарихи келісімнің» орындалуына назар тоқтату екенін айтқан. Тегеран ядролық бағдарламасына қатысты келісімге келуінің қарымтасы ретінде, осыған дейін АҚШ-тың бастамасымен Иранға қарсы салынған экономикалық санкциялар біртіндеп алынып тасталады деп үміттенеді.

Сенбі күні БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Иран президенті Хассан Роуханиді Таяу Шығыс аймағындағы, әсіресе Сирия мен Йемендегі дағдарысты саяси реттеу жөніндегі келіссөздер процесіне жәрдемдесуге шақырған.

XS
SM
MD
LG