Accessibility links

Франция ұшақтары Сирияда ИМ шебіне соққы берді


Францияның «Шарль де Голль» кемесінен әуеге көтеріліп бара жатқан әскери ұшақ. 13 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Францияның «Шарль де Голль» кемесінен әуеге көтеріліп бара жатқан әскери ұшақ. 13 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Франция билігі елдің әскери-әуе күштері алғаш рет Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының шебіне соққы бергені туралы мәлімдеген.

Франция президентінің кеңсесі бүгін таратқан мәлімдемесінде Сириядағы әуе соққысы алдыңғы екі апта бойы жүргізілген барлау барысында анықталған нысаналарды көздеп жасалғанын хабарлаған.

«Террористік топқа қарсы бұл операция Францияның аймақтық әріптестерімен келісіліп жүргізілді» делінген ресми ақпаратта.

Бұған дейін ел президенті Франсуа Олланд француз әуе күштері «Сириядағы экстремистерге қарсы іс-қимылдарға қосылуы мүмкін» деп мәлімдеген.

Франция әуе күштері былтырғы қыркүйек айынан бастап АҚШ жетекшілігіндегі халықаралық коалиция Ирак жеріндегі экстремистерге қарсы жүргізген бірлескен операцияларға қатыса бастаған.

XS
SM
MD
LG