Accessibility links

Цукерберг: қолжетімді интернет кедейліктен құтқарады


Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг.
Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг.

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг Жер бетінде жақын бес жылда әрбір тұрғынның интернетке қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейтін кампания бастағанын мәлімдеген.

Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген америкалық кәсіпкер осы халықаралық ұйымның даму мақсаттарына интернеттің көмегімен қол жеткізуге болатынын айтқан. Оның сөзінше, интернет жаңа жұмыс орындарын ашуға және білім алмасуға мүмкіндік беретіндіктен, оның көмегімен миллиондаған адамды жоқшылықтан құтқаруға болады.

«Дамушы елдерде интернетке қол жеткізуді кеңейту 160 миллионға жуық адамды қайыршылықтан құтқарады, миллиондаған балалар білім алу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ 140 миллион жұмыс орны ашылады» деп мәлімдеген ол.

Сонымен бірге Цукерберг мигранттарға интернет қолдау-көмек алуды жақсартып, отбасымен байланыста болу үшін қажетті екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG