Accessibility links

Одесса: қауіпсіздік мекемесі қасында жарылыс болды


Жарылыс болған жер. Одесса, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Жарылыс болған жер. Одесса, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Жексенбі күні таңертең Одесса қаласында Украина қауіпсіздік қызметі басқармасы ғимараты маңында жарылыс болған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, күшті жарылыс екпіні сол аумақтағы үйлердің терезелерін сындырып, көшеде тұрған бірнеше автокөлікті зақымдаған.

Жарылыс дыбысы қаланың көп аудандарында естілген. Жарылыстан адамдар зардап шеккен жоқ деп хабарланды.

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, белгісіз біреулер жарылғыш затты Украина қауіпсіздік қызметі басқармасы ғимаратының қосалқы есігінің қасына орнатқан. Жергілікті ақпарат құралдары бұл жарылысты соңғы бір жылда Одессада болған жарылыстардың ішіндегі ең қуаттысы деп атап отыр

«Интерфакс-Украина» агенттігінің құқық органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, жарылыс қуаты 8-10 килограмм тротилға тең болған.

XS
SM
MD
LG