Accessibility links

Кишиневте наразылық акциясы өтіп жатыр


Кишиневтегі наразылық акциясына қатысушылар.

Кишиневтегі наразылық акциясына қатысушылар.

Кишиневте Молдова президенті Николае Тимофтидің отставкаға кетуін және елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді талап еткен наразылық акциясы бүгін де жалғасты. «Интерфакстің» хабарлауынша, демонстранттар бүгін митинг өтеді деп жоспарланған қала орталығына шерумен барған. Полицияның мәліметі бойынша, акцияға 20 мыңға жуық адам шыққан.

Молдовадағы наразылық акциясы қыркүйектің 6-сы күні басталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сол жолы көшеге жүз мыңға жуық адам шыққан. Полиция олардың санын 40 мың шамасында деп көрсеткен. Кишиневтің орталық алаңында күн сайын митингтер өтіп жатыр. Үкімет үйі алдындағы алаңда наразылар 300-дей шатыр тігіп қойған.

Президент Тимофтиді биліктен кетірумен бірге демонстранттар елдегі үш коммерциялық банктен қамтамасыз етілмеген несиелер ретінде алынған миллиард еуроны қазынаға қайтаруды, Ұлттық банк, бас прокуратура, Коррупцияға қарсы комитет, Жоғарғы сот палатасы жетекшілерін отставкаға жіберуді, мемлекеттік институттарды реформалауды, сонымен бірге елде сөз бостандығын қамтамасыз етуді талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG