Accessibility links

Назарбаев АҚШ компанияларын ынтымақтастыққа шақырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте АҚШ-тың ірі компаниялары басшыларымен кездесіп, оларды екі жаққа да тиімді болатын ынтымақтастықты дамытуға шақырған.

Назарбаев Нью-Йоркке БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жұмысына қатысу үшін барған. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, прездиент мұнда JP Morgan, Pfizer, Blackstone сияқты компаниялардың, инвестиция және қаржы институттарының басшыларымен кездескен.

Қазақстан президенті кездесуде америкалық компаниялардың Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосу жолдарын кеңейту, Астанада халықаралық қаржы орталығын құруда ынтымақтастық орнату жайын талқылаған.

XS
SM
MD
LG