Accessibility links

Назарбаев АҚШ-та Обамамен кездеседі


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ саммитінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 28 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ саммитінде сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 28 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та осы ел президенті Барак Обамамен кездеседі деп хабарлады Ақ үй өкіліне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі.

"29 қыркүйекте президент Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі" деген Ақ үй өкілі.

Назарбаев АҚШ-қа Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясына қатысу үшін 26 қыркүйекте барған.

Ақорданың баспасөз қызметі Азаттыққа Назарбаевтың Обамамен "кездесу жоспары барын" растады, бірақ уақыт айырмасына байланысты кездесу нақты қай күні болатынын айта алмайтынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG