Accessibility links

Ыдырысов: Сирияда 200 қазақстандық соғысып жүр


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов әлем елдері басшыларын "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымымен бірге күресуге шақырды.

Нью-Йоркте Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Ыдырысов Қазақстанда соңғы кезге дейін "фундаментализм мен экстремизмге қарсы қорғаныш болғанын", бірақ Қазақстанның көркеюінен елдің кейбір аймақтарында тұрғындардың санасына түрлі "сорақы иедялар" ене бастағанын айтқан.

Оның сөзінше, қазір шамамен 200 қазақстандық Сирияда соғысып жүр.

Ыдырысов АҚШ; Қытай, Ресей және Еуропа елдерін саяси бөлінуді жойып, Сирия мен Ирактың біраз аумағын бақылайтын ИМ тобы ықпалының артуын тоқтатуға шақырған. Ол 28 қыркүйекте Нью-Йоркте Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Барак Обаманың кездесуіне үміт артқан. Қос президент кездесуде ИМ-мен күрес тактикасын өзгерту жайын талқылауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG