Accessibility links

Астанада экстремизммен күрес жайын талқылады


Қазақстан бас прокуратурасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан бас прокуратурасы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Астанада "Орталық Азия елдерінің зорлық экстремизммен күрестегі өзара әрекеттестігі" деп аталатын халықаралық форум өтті.

Бас прокуратураның хабарлауынша, форумда Орталық Азия аймағына төнетін қауіп-қатерлер, зорлық экстремизмімен күресте ынтымақтастық орнатудың мүмкіндіктері талқыланған. Форумға Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанның экстремизммен күреске қатысты мемлекеттік органдары өкілдері, Қазақстан парламентінің депутаттары қатысқан.

Жиынға қатысушылар бірлескен құжат қабылдап, онда экстремизм мен терроризмнің алдын алуда Орталық Азия елдері құқық қорғау органдарының бірлесе жұмыс істеуін күшейту қажет деп шешкен.

XS
SM
MD
LG