Accessibility links

Ресей елшісі Польшаға қатысты сөзін терістеді


Ресейдің Польшадағы елшісі Сергей Андреев.

Ресейдің Польшадағы елшісі Сергей Андреев.

Ресейдің Польшадағы елшісі Сергей Андреев өткен аптада Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты айтқан дау тудырған сөзін "дұрыс түсіндірілмеген" деп теріске шығарды.

Андреев өткен аптада Варшаваны "нацизмге қарсы коалицияның құрылуына кедергі жасады" деп, Польшаны "Екінші дүниежүзілік соғысқа жауаптылардың бірі" деп мәлімдеген. Бұдан соң 25 қыркүйекте оны Польша сыртқы істер министрлігі сөзіне түсінік беруге шақыртқан.

Бүгін Варшавада журналистер Андреевке даулы сөзіне қатысты сұрақ қойып, елші оларға "Айтқанымды дұрыс түсіндірмеген" деп жауап берді.

"Мен Польшаны Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына жауаптылардың бірі деген жоқпын" деді елші.

Варшава бұған дейін Андреевтің сөзі "Тарихи шындыққа қайшы келеді және Сталин кезеңі мен коммунистік дәуіріндегі сияқты тарихи оқиғаларға жалған баға беруді еске түсіреді" деген.

Екінші дүниежүзілік соғыста 6 миллионға жуық польшалық қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG