Accessibility links

«ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ бюджетін қайта қарады


Мұнай өндіру орындарының бірі. (Көрнекі сурет)

Мұнай өндіру орындарының бірі. (Көрнекі сурет)

«ҚазМұнайГаз» барлау өндіру акционерлік қоғамы Брент маркалы мұнайдың 1 баррелінің биылғы жылдық орташа құнын 51 доллар (1 доллар бағасы - 208 теңге) деп бағалап, мекеме бюджетін қайта қарады деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания дерегінше, оның еншілес мекемесі «Өзенмұнайгаз» компаниясы 2015 жылы өнім өндіруді 52 мың тоннаға арттыруды жоспарлап, қосымша 57 жаңа ұңғыманы бұрғыламақ. Бұған дейінгі жоспар бойынша «Өзенмұнайгаз» тәулігіне 112 мың баррель мұнай өндіруі тиіс болған.

«ҚазМұнайГаз» барлау өндіру акционерлік қоғамының тағы бір еншілес компаниясы «Ембімұнайгаздың» өндіріс жоспары өзгеріссіз (тәулігіне 56 мың баррель) күйінде қалды.

Өзен және Қарамандыбас кен орындарын игеріп жатқан «Өзенмұнайгаздың» Маңғыстау облысында 16 құрылымдық-өндірістік басқармасы бар. Компанияда 9 500 адам жұмыс істейді.

Ал «Ембімұнайгаз» акционерлік компаниясының Атырау облысындағы 6 мұнай-газ өндіру басқармасында 5500-дей адам еңбек етеді.

XS
SM
MD
LG