Accessibility links

Ресейде 2 айда 700 тоннадан көп азық-түлік жойылды


Ресейдегі санкцияға ілінген азық-түлікті жою. Тамыз, 2015 жыл.
Ресейдегі санкцияға ілінген азық-түлікті жою. Тамыз, 2015 жыл.

Ресейде тамыздың басынан бері санкцияға ілінген 700 тоннадан астам азық-түлік жойылды деп хабарлады Россельхознадзор мекемесі.

"27 қыркүйекке дейін 676 тонна контрабандалық дәнді-дақыл тәркіленіп, жойылды. 318 тонна мал өнімі тәркіленіп, оның 62 тоннасы жойылды" деген Россельхознадзор хабарламасында.

Биыл 29 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин санкцияға ілінген азық-түлікті жоюды бұйырған.

2014 жылы Батыс елдері Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккені үшін Ресейге экономикалық санкция салған. Бұдан соң Мәскеу оған жауап ретінде Батыс елдерінен келетін азық-түліктің көпшілігіне эмбарго қойған.

Тамыз айында жүз мыңдаған адам тәркіленген азық-түлікті жоюға қарсылық танытып, керісінше оны тұрмысы нашар отбасыларға таратуды ұсынған петицияға қол қойған.

XS
SM
MD
LG