Accessibility links

Қырғызстан: Қамчыбек Ташиев сайлаудан шығарылды


"Республика - Ата-Журт" партиясынан парламент депутаттығына үміткер Қамчыбек Ташиев.
"Республика - Ата-Журт" партиясынан парламент депутаттығына үміткер Қамчыбек Ташиев.

Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) "Республика - Ата-Жұрт" партиясынан парламент депутаттығына үміткер Қамчыбек Ташиевті "үгіт-насихат кезінде заң бұзды" деп сайлаудан шығарып тастады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.

ОСК бұған қоса "Республика - Ата-Журт" партиясына Ташиевке қатысты ескерту жасады. Партияның ОСК-дағы өкілі Атыр Абдрахматова Ташиев "сайлау туралы бір де бір заң бұзбағанын" мәлімдеді.

"Біріншіден, қылмыстық іс оның өзіне қатысты емес, іс бойынша қозғалды. Екіншіден, ол заң бұзған жоқ. "Өнугуу-Прогрес" партиясы оны тек айыптайды. Бұл - арандатушылық" деді Абдрахматова.​

26 қыркүйекте "Өнугуу-Прогресс" партиясы Ташиев өз үміткері Абдуманап Абдывахаповты соққыға жықты деп айыптаған. Бірақ Ташиев Азаттыққа соққыға жығу туралы мәлімдемені жоққа шығарып, мұны өзін қаралу әрекеті деп атаған.

XS
SM
MD
LG