Accessibility links

Донбаста қаза болған ресейлікке тақта орнатты


Украинада жүрген ресейшіл сепаратистер. Донецк, 14 қыркүйек 2015 жыл.

Украинада жүрген ресейшіл сепаратистер. Донецк, 14 қыркүйек 2015 жыл.

Ресейдің Алтай өлкесіндегі Озерки селосында Донбастағы сепаратистер жағында соғысып қаза тапқан Иван Корольковтың құрметіне мемориалдық тақта ашылды. Ол 2015 жылы 28 қаңтарда Украинаның Донецк облысындағы Дебальцево қаласы үшін болған ұрыста оққа ұшқан.

Тақта Иван Корольковтың үйінің фасадына қойылған. Ол үйдің ауласына Украинаның шығысында қаза тапқан 8 алтайлықтың құрметіне 8 ағаш егілген. Мемориалды орнату туралы бастаманы Ауғанстан мен басқа да соғыс ардагерлері ұйымының мүшелері көтерген.

Украина мен Батыс Ресейді "Украинаның шығысындағы сепартистерді қолдап, Донбасқа әскер жіберіп отыр" деп айыптайды. Алайда Ресей ол аймаққа әскер жібермегенін, "ол жақта ресейлік еріктілер әскери қимылдарға қатысқанын ғана" айтады.

XS
SM
MD
LG