Accessibility links

Кундуз Талибанның қолына түсті


Ауған полициясының көлігіне мінген талибтер деп сипатталған сурет. Кундуз, 28 қыркүйек 2015 жыл
Ауған полициясының көлігіне мінген талибтер деп сипатталған сурет. Кундуз, 28 қыркүйек 2015 жыл

Ауғанстан үкіметінің өкілі қыркүйектің 28-і күні елдің солтүстігіндегі Кундуз қаласы ауған қауіпсіздік күштерімен арада бірнеше сағатқа созылған шайқастан соң "Талибан" содырларының қолына өткенін мәлімдеді.

Бір жыл бұрын халықаралық әскери коалиция елден шыққан соң "Талибанмен" жалғыз соғысып келген ауған үкіметінің күштері соңғы 14 жыл ішінде алғаш рет уәлаят астанасынан айырылып қалып отыр.

Елдің ішкі істер министрінің өкілі Седик Седикки Associated Press агенттігіне: "Кундуз қаласы "Талибанның" алдында құлап түсті" деп хабарлады. Ол қалаға қосымша әскер жіберілгенін айтты. Биыл бұған дейін Ауғанстан әскері бір мәрте "Талибанды" Кундузға кіргізбей қуып тастаған. "Қаланы қайтарып алу үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз" деді Седикки.

Дүйсенбі күнгі шайқас кезінде екі тараптың да зор шығынға ұшырағаны хабарланды. Халықаралық ұйымдар шұғыл түрде басқа аймаққа көшірілген.

Кундуз - Ауғанстанның солтүстігін орталығымен жалғап тұрған күре жолдар басып өтетін уәлаят.

XS
SM
MD
LG