Accessibility links

Обама: АҚШ Сирия мәселесінде кез-келген елмен бірігеді


АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон Сириядағы қақтығысты тоқтату үшін кез-келген елмен, оның ішінде Ресей және Иранмен ынтымақтасуға дайын екенін мәлімдеді.

28 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы сессиясында сөйлеген Обама дегенмен "үлкен қантөгістен соң соғысқа дейінгі жағдайды қайта орнату мүмкін емесін" де ескертті. Ол Сирия президенті Башар Асадты "тиран" деп айыптап, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күрес Асадты күшейтіп жібермеуі тиіс екенін айтты.

Обама сөзінде Ресей Украинаның егемендігі мен тұтастығын бұзып отырған кезде әлем "тасада қалып қоя алмайтынын" мәлімдеді. Ол Вашингтон Мәскеуді оқшаулағысы келмейтінін білдірді. Обама Ресей Украинаның өз болашағын өзі таңдауына мүмкіндік беріп, дағдарысты дипломатиялық жолмен реттеуге күш салғанын қалайтынын жеткізді.

XS
SM
MD
LG