Accessibility links

Назарбаев АҚШ-та екі кездесу өткізді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 27 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте БҰҰ Ба ассамблеясының 70-сессиясы аясында Польша президенті Анджей Дудамен, Люксембург премьер-министрі Ксавье Беттельмен кездесті.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев кездесуде Дуданы Польша президенті болып сайлануымен құттықтады. Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанда фармацевтика, қайта өңдеу және ауыл шаруашылығы салаларында Польшаның қатысы бар 90 кәсіпорын жұмыс істейді.

- Қазақстанда инвесторларға ерекше жеңілдіктер жасалған. Польша компанияларын елімізге байланыс орнатуға шақырамын, - деді Назарбаев.

Қазақстан президенті Люксембург премьерін Еуропа Одағына төрағағалық жасауымен құттықтап, Астананың Брюссель жасасқан жаңа келісімі тезірек мақұлданатынынан үмітті екенін айтты.

XS
SM
MD
LG