Accessibility links

Ресей Украина ұшақтарының ұшуына тыйым салмақ


Ресейлік "Аэрофлот" және "Трансаэро" компанияларының ұшақтары. (Көрнекі сурет).

Ресейлік "Аэрофлот" және "Трансаэро" компанияларының ұшақтары. (Көрнекі сурет).

Ресей 25 қазаннан бастап Украина әуе компаниялары ұшақтарының өз әуе кеңістігінен ұшуына тыйым салатын болды. Тыйым өткен аптада Киевтің ресейлік ұшақтарға тыйым салуына жауап ретінде енгізілмек.

25 қыркүйекте Украина билігі "Аэрофлот", "Трансаэро" және ресейлік басқа да әуе компанияларына 25 қазаннан бастап Украина аумағынан ұшуға тыйым салған.

Киев бұған қоса Ресейдің әскерилер мен бейбіт және әскери мақсатта да қолданылатын жүк тасымалдайтын транзиттік ұшақтарына да тыйым салған. Мәскеу Киевтің бұл әрекетін "есінен адасу" деп атады.

Осы айдың басында Украина президенті Петр Порошенко санкция салынған ресейлік компаниялар мен азаматтар тізімін ұлғайтқан. Қазір тізімде 400 адам мен 90 фирма бар.

XS
SM
MD
LG