Accessibility links

8 қазақстандық боксшы әлем чемпионатына барады


Данияр Елеусінов Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың кеңесін тыңдап отыр. Алматы, 26 қазан 2013 жыл. (Сурет әлем чемпионатының баспасөз қызметінен алынды).

Данияр Елеусінов Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың кеңесін тыңдап отыр. Алматы, 26 қазан 2013 жыл. (Сурет әлем чемпионатының баспасөз қызметінен алынды).

5-15 қазанда Дохада (Катар) өтетін бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.

Биылғы әлем біріншілігіне Олжас Саттібаев (52 кг), Қайрат Ералиев (56 кг), Закир Сафиуллин (60 кг), Данияр Елеусінов (69 кг), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Василий Левит (91 кг) және Иван Дычко (+91 кг) барады.

Дохадағы жарыста Рио-де-Жанейро олимпиадасына жолдама сарапқа салынады. Қазір Қазақстан боксшылары арасынан Біржан Жақып (49 кг), Берік Әбдірахманов (64 кг) және Василий Левит (91 кг) олимпиада лицензиясын иеленген.

2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын, екі күміс және екі қола алған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG