Accessibility links

АҚШ Ресейден китті сақтау үшін әкелуге тыйым салды


Белуга. (Көрнекі сурет).
Белуга. (Көрнекі сурет).

АҚШ соты Ресейде аквариумда бағылып отырған құрып кету қаупі төнген 18 белуганы (немесе ақ кит) Джорджия штатына алдыруға тыйым салды.

Ақ киттер 2006 жылы Ресейдің солтүстігіндегі Охот теңізі жағалауында қайраңға шығып қалған жерінен табылған. Қазір киттер Ресейдегі Утриш теңіз жануарларын ғылыми-зерттеу орталығында аквариумде бағылып отыр. АҚШ сотының шешімі бойынша, киттерді АҚШ-тағы кез-келген орталыққа, оның ішінде Джорджия аквариуміне әкелуге рұқсат жоқ.

Киттерді импорттауға қарсы болған экологтар мен АҚШ үкіметі сот шешіміне қолдау білдірді. Джорджия аквариумы сот шешіміне шағымдануды қарастырып жатыр.

Джорджия аквариумы 2013 жылы киттерді алдыруды талап етіп АҚШ үкіметін сотқа берген. Аквариум киттерді АҚШ-қа алдыру оларды құрып кету қаупінен сақтайды дейді. АҚШ үкіметі керісінше киттерді саудаға салу оларды құрып кетуге душар етеді деп санайды.

Ақ кит Арктика мен суб-Арктика суларында мекен етеді. Кейбір аймақтарда бұл кит құрып кету қаупі төнген деп саналады.

XS
SM
MD
LG