Accessibility links

Биржада доллар құны 270 теңгеден асты


Ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы жазылған табло. Алматы, 17 қыркүйек 2015 жыл.
Ақша айырбастау орнындағы валюта бағамы жазылған табло. Алматы, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының бағамы 270 теңге 40 тиынды құрады. Доллар 28 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда 41 тиынға қымбаттаған. Биржа мәліметі бойынша, бүгін сауда көлемі 137 миллион долларды құраған. Бұл - кешегі таңғы сессияда сатылған мөлшерден 66 миллионға артық.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 271-272 теңге аралығында сатылып жатыр.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданған.

16 қыркүйекте доллар құны 298-300 теңгеге дейін көтерілген соң Қазақстан Ұлттық банкі валюталық интервенция жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG