Accessibility links

Tashkent Open: Шведова екінші айналымға өтті


Ярослава Шведова.
Ярослава Шведова.

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова (әлемдік рейтингте 89-орында тұр) Өзбекстанда өтіп жатқан жүлде қоры 250 мың долларды құрайтын Tashkent Open жарысының екінші айналымына шықты.

Әлемдік рейтингте 89-орында тұрған Шведова бірінші айналымда румыниялық Андреа Митуды (85) 7:5, 6:3 есебімен жеңді.

Шведова екінші айналымда ресейлік Евгения Родинамен (93) кездеседі. Екі теннисші осыған дейін 2008 жылы Ховардтағы (Австралия) турнирде ойнап, ол матчта Шведова жеңіске жеткен.

Tashkent Open - WTA категориясында ұйымдастырылатын Азиядағы жүлде қоры қомақты жарыстардың бірі.

XS
SM
MD
LG