Accessibility links

Астанада өндіруші саланың ашықтығы жайлы жиыны өтіп жатыр


Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева ӨСАБ жиынында сөйлеп тұр. Астана, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева ӨСАБ жиынында сөйлеп тұр. Астана, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Астанада бүгін Қазақстанда табиғи ресурстардан түсетін кірісті ашық қылудың халықаралық стандарттарын дамыту туралы жетінші конференция өтіп жатыр.

Конференцияны Қазақстандағы Өндіру саласындағы ашықтық бастамасының (ӨСАБ) хатшылығы, Kazenergy компаниясы, Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) мен Қазақстан тау-кен шаралары ассоциациясы ұйымдастырған.

Өндіру саласындағы ашықтық бастамасының сайтында хабарланғандай, Қазақстан ӨСАБ-тың "барлық талаптарына сай келетін" елдер тізімінде тұр. ӨСАБ талаптарының бірі - мұнай-газ және тау-кен компанияларының барлық мемлекетке төлеген қаржысын тұрақты түрде, "оңай қол жететіндей, түсінікті етіп" жариялау.

ӨСАБ қоғамдық ұйымның өндіруші компаниялардың жер иесі - мемлекетке төлейтін қаржысын жариялауға шақыратын кампания ретінде басталған. Мұндай бастаманы Тони Блэр Ұлыбритания премьер-министрі болып тұрғанда 2002 жылы Йоханнесбургте орнықты даму саммитінде көтерген. Астана ӨСАБ-ты іске асыруға 2005 жылы қосылған.

XS
SM
MD
LG