Accessibility links

Си Цзиньпин: Қытай-Иран ынтымақтастығы дамиды


Қытай президенті Си Цзиньпин. Вашингтон, 25 қыркүйек 2015 жыл.
Қытай президенті Си Цзиньпин. Вашингтон, 25 қыркүйек 2015 жыл.

Қытай президенті Си Цзиньпин Тегеран мен әлемдік державалар арасында жасалған түпкілікті ядролық келісімнен соң Иранмен екі жақты ынтымақтастық одан ары дамитынын мәлімдеді. Цзиньпин бұл туралы 28 қыркүйекте Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы аясында Иран президенті Хассан Роуханимен кездескенде айтты.

Қытай сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Цзиньпин Роуханиге ядролық келісім күшіне енсе Иран "шетелдермен ынтымақтастық орнатуға көбірек мүмкіндікке ие болатынын" және Иран-Қытай қарым-қатынасы жаңа деңгейге шығатынын айтқан.

Си Цзиньпин бұған қоса Иран мұнайын ең көп тұтынатын Қытай ең алдымен Тегеранмен энергетикалық және қаржылық ынтымақтастыққа көңіл бөлуі тиіс екенін айтқан.

Шілденің басында Венада Тегеран мен әлемдік алты держава арасында жасалған келісім бойынша, Иран ядролық бағдарламасын кәдімгідей шектеп, есесіне бұл елге салынған халықаралық санкциялар алынады.

XS
SM
MD
LG