Accessibility links

Киевте күдікті "Ресей сарбаздарының" соты басталды


Украинада ұсталған "Рсеей сарбаздары" Александр Александров (оң жақта) пен Евгений Ерофеев сотта тұр. Киев, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Украинада ұсталған "Рсеей сарбаздары" Александр Александров (оң жақта) пен Евгений Ерофеев сотта тұр. Киев, 29 қыркүйек 2015 жыл.

Киевте "Ресей сарбаздары" деп сипатталған Украинаның шығысында ұсталған екі адам - Александр Александров пен Евгений Ерофеевтің үстінен алдын-ала сот тыңдауы басталды. Сот Киевтің Голосеев аудандық сотында өтіп жатыр.

Александров пен Ерофеев мамырдың ортасында Украина шығысында ұсталып, оларға "Украинаға қарсы басқыншылық соғысқа қатысты , террорлық ұйым қызметіне болысты" деген айып тағылған.

Мамыр айында жарияланған видеода Александров пен Ерофеев ұсталған кездерінде Украина шығысында Ресей сарбаздары ретінде қызмет еткенін айтқан.

Мәскеу Ерофеев пен Александров ұсталған кезінде Ресей армиясы қатарында "қызмет етіп жүрмегенін" мәлімдеген.

Ресей Киев пен Батыс елдерінің Украина шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қару-жарақ пен әскер жібереді деген айыбын жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG