Accessibility links

Қарағанды облысында"Таблиғи Жамағат" мүшесі" сотталды


Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысының тұрғыны Оразбек Апакашев Қазақстанда тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" діни ұйымына қатысы бар деген айыппен үш жылға сотталды. Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, Апакашев "тыйым салынған діни ұйым жұмысына араласты" деп айыпталған.

Сот материалдары бойынша, Апакашев 2008 жылы, "Таблиғи Жамағат" ұйымымен байланыс орнатқаннан кейін дін ұстана бастаған. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Қазақстан соты 2013 жылы ақпанда "Таблиғи Жамағат діни ұйымын экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG