Accessibility links

Қазақстанға Джон Керри сапарлап келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа сапары мен осы ел президенті Барак Обамамен кездесуінің қорытындысы жайлы брифинг өткізді деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі. Ақорданың мәліметінше, Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри сапарлап келеді деген жоспар бар. Бірақ Керридің нақты қай кезде келетін айтылмаған.

Назарбаев брифингте Барак Обамамен кездесуі "пайдалы болғанын" айтқан.

- АҚШ еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне септесті. Біздің ұсыныстарымызды үнемі қолдап отырады. Қазақстанда 500-ге тарта америкалық компания жұмыс істейді. АҚШ-тан тіке тартылған инвестиция 30 миллиард долларға жуықтайды. Мен Қазақстан өз ұмтылыстары мен экономикалық бағдарламаларына АҚШ қолдау көрсетеді деп сенетінін айттым, - деген Назарбаев.

XS
SM
MD
LG