Accessibility links

Венгрия: Босқындарды әлем бойынша бөлу керек


Венгрия сыртқы істер министрі Петр Сиярто.

Венгрия сыртқы істер министрі Петр Сиярто.

Венгрия БҰҰ-ға Сирия мен Таяу Шығыс елдерінен шыққан босқындарды әле елдеріне ортақ теңдей етіп бөлуді ұсынды.

Мигранттарды Еуропа Одағы елдеріне квотамен бөлуге қарсы Венгрияның сыртқы істер министрі Петр Сиярто Будапешт БҰҰ-ға ұсынысын ресми түрде бүгін, 30 қыркүйекте жолдайтынын айтты.

"Біз барлық негізгі ойыншылар ауырлықты бірдей бөлісуі тиіс деп санаймыз. Біз әлем елдеріне босқындар квотасын енгізуіміз қажет. Босқындардың көбі негізінен халықаралық қауымдастықтың саяси шешімдерінен тұрақсыздыққа тап болған елдерден шығып отыр. Ол саяси шешімдерді жалғыз Еуропа қабылдаған жоқ" деді Сиярто.

Сиярто әлемдік квота Таяу Шығыстағы тұрақсыздыққа себеп болған елдер арасында бөлінуі тиіс деп, АҚШ-ты меңзей кетті.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 30 қыркүйекте мигранттар дағдарысына арналған жиын өткізеді.

Биыл түрлі деректер бойынша Венгрия арқылы Еуропаға 300 мыңға жуық мигрант өтпек болған.

XS
SM
MD
LG